$ 443.37  474.49  4.83

Түркістанда көлік ұрлаған 2 тұрғын жол апатына түсті

Түркістан облысында көлік ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды.

Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері бейнекамераларды тексеріп, 4 сағаттың ішінде күдіктілердің ізіне түсті.

Түркістан облысында көлік ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды.

Түркістан қаласы полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулер "Опель Вектра" маркалы жеңіл көлігін ұрлап кеткенін айтып, арызданған, деп жазады Sputniknews.kz.

"Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион 500 мың теңге болған. Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері көлік ұрланған аймақты жіті қарап, бейнекамераларды тексерді. Осылайша 4 сағаттың ішінде полицейлер күдіктілердің ізіне түсті", - деп хабаралады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде Түркістан қаласының екі азаматы тұрғылықты мекен-жайында ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілер автокөлікті түнгі уақытта ұрлап, Шымкент қаласына қарай бет алған.

"Олар жол бойындағы жанар-жағармай бекетіне аялдап, көліктеріне толтыра бензин құйып алып, ақшасын төлеместен қашып кеткен. Автокөлікті қатты жылдамдықпен жүргізуі салдарынан жолда апатқа ұшырайды. Екі күдікті де жеңіл жарақат алып, көлікті сол жерде қалдырып, қашып кеткен", - дейді полицейлер.

Бүгінгі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ күдіктінің бірінің бұрын Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188, 200-баптарымен сотты болғандығы анықталды.  

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық қалдырып кетпеуді ескертеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары