Тірі кезінде адам өмірі қауіпсіздігі үшін ақшаны қимайсыңдар! Қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек ұшақ апатына қатысты осылай деп үн қатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер Қазақстанның адам өмірі 4 миллионға ғана бағалатын сорлы ел екенін жазды.
«Тірі кезінде табылмаған ақша, өлгенде қайдан табылды? Тек өлгенде ғана шығарасыңдар ма ақшаны? Тағы қанша адам өлу керек? Әлде осылай күнәләріңді жумақшыңдар ма?
Әлде сендер үшін ол жақтан жұмақтан орын сатып алып қойсын ба?», - деген ол 5 сәбидің өлімін еске алды.
Оған қатысты адамдардың бәрі жұмыстан босатылып, қатаң жазаланғанын айтқан ол кейін Әбілқасымованың сатылап тұрып қызметте өскенін жеткізді.
«Жылдың соңы тағы қара хабар. Он бес адам тағы көкке ұшты. Тағы да сөгіс , тағыда халық басылғанша қызметтен босату!
Біз жемқор шенеуніктерді қашанғы асыраймыз?
Жемқорлықпен алдын алып, күресіп жатырмыз, "Иранға үйретіп жатырмыз" деп форум өткізіп мәз боламыз! Бірақ артында күшті тіреуі мықты адамның компаниясын тексермейміз! Себебі адам өмірінің қауіпсіздігінен, отырған кресло қымбат! Ал айтыңдаршы енді билік!
Біз осы кімді алдап жүрміз!? Тағы да қанша адам өлу керек?
"Айгүл зарламаш" дейтін шығарсыңдар!
Адам жоғалтып көрген адам ғана бұл қайғының өте ауыр екенін біледі.
Бүгін қасиетті жұма, қара жұмаға айналады деп кім ойлаған?
Мен зарламақ түгілі жоқтау айтамын!
Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын ел, 9 миллиард ақшаға Дубайда ЭКСПО өткізбекші!
ЭКСПО ға осы "Bek Air" ұшақтарын алып барыңдар! Әлем білсін біздің қандай сорлы жағдайда екенімізді!
Адам өлімі болғанда ғана, жұмысын тоқтатып, сөгіс береміз!
Оған дейін жемқорлықты форум өткізіп, алдын алып отырмыз деп отыра берейік!
Президент Қ.Тоқаев!
Осы ұшақты елге кіргізіп, ұшуға рұқсат берген адам қамалсын бірінші.
Өмір бақи бас бостандығынан айыру керек!
Сол кезде ғана шенеуніктер жауапкершілікті сезінеді, адам өмірі бағаланады!
Оған дейін бұл жүйенің шірігені шіріген!», - деп жазды од Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев
lжолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.