Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары облыстық "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ басшысын пара алды деген күдікпен қамауға алды. Бұл жайында департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шенеунік жеке тұлғалардың бірінен 200 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл ақшаға ол жер телімінің актісін жылдамдатып алып беруге уәде беріпті.
Қазіргі таңда ұсталған Н.Кенжебеков өз кінәсін толық мойындап отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.