$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылдағы сәби өлімінен кейін бірнеше қызметкер жұмыстан қуылды

Жамбыл облысы әкімдігінде  жүктілігін жасырып, жол үстінде бала босанған мектеп оқушысының мәселесіне қатысты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен арнайы жиын өткізілді. Онда бала тәрибесіне салғырт қарап, нәресте өліміне жол бергені үшін бірқатар жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза берілді.

-Талас ауданы, Үшарал ауылы шағын  елді мекен. Мектептегі оқушылардың да саны көп емес. Әр сыныптағы оқушылар үшін сынып жетекшісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, мектеп директоры,  балалардың денсаулығын қадағалайтын арнайы дәрігер бар. Солай бола тұра, мектеп қабырғасындағы жасөспірімнің жүкті болуына жол берілген. Қажетті жұмыстар дер кезінде жүргізілмеген. Уақытында анықтаған болсаңыздар нәресте өліміне де жол берілмес еді. Осы жайтты жасырмай жауапты орындарға мәлімдегендеріңізде жазаларыңыз да жеңілірек болатын еді,-деді облыс әкімі.

Бала тәрбиесі мен адам тағдырына бей-жай қарауға болмайтынын қатаң ескерткен аймақ басшысы әлеуметтік салаға жауапты орынбасарына ескерту, облыстық білім, денсаулық басқармаларының басшыларына, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысына сөгіс, Талас ауданының әкіміне қатаң сөгіс  түріндегі тәрбіптік жаза берілетінін жеткізді.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, Үшарал ауылдық округінің әкімі, Талас ауданының бас дәрігері мен орынбасары, жалған анықтама берген медбике  қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары