$ 514.65  544.6  5.17

Алматы әуежайы ұшақ апатының минуттық хронологиясын жариялады

Мегаполис әуежайы төтенше жағдай кезінде әлемдегі барлық әуежайларда әрбір іс-әрекеттің реті жазылатын қатып қалған тәртіп бар екенін айтты.
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Оңтүстік астананың халықаралық әуежайы күні кеше болған қайғылы жағдайдың әрбір минутын еске түсіріп, ұшақ апатының хронологиясын жариялады. Олар тіркеу кезінен бастап, жолаушыларды эвакуациялауға дейінгі аралықта не болғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мегаполис әуежайы төтенше жағдай кезінде әлемдегі барлық әуежайларда әрбір іс-әрекеттің реті жазылатын қатып қалған тәртіп бар екенін айтты.

Назарларыңызға, алдымен әуежай аумағында және ұшақ құлаған жерде ұандай жағдайлар болғанын ұсынамыз:

05.35 – рейске тіркеу жарияланды

06.35 – жолаушылар тіркеуден өтті

07.03 – бортқа отырғызу аяқталды

07.21 – ұшақ ұшты

07.22 – әуе кемесі радардан жоғалып кетті

07.24 – әуежайдың барлық апатты-құтқару қызметтеріне дабыл қағылды: авиациялық қауіпсіздік қызметтері, медициналық қызметтер, инженерлік-авиациялық қызметтер, арнайы транспорт, жүк тасымалының қызметтері, іздеу және апатты-құтқаруды қамтамасыз ету қызметтері және тағы да басқа.

07.27 – 6 «К» шаршысында әуежайдың апатты-құтқару командасы жиналды.

07.35 – ұшу жетекшісі командаға 20 «А» шаршысында әуе апаты орын алғанын хабарлады.

07.36 – оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру-құтқару қызметі келіп жетті. Олар ұшақ апаты 18 «В» шаршысында орын алғанын хабарлап, құтқару жұмыстарын бастады.

07.38 – әуе апаты орын алған жерге әуежайдың барлық іздеу-құтқару қызметтері толық құрамда келіп жетті.

07.39 – іздеу және апатты - құтқару қызметі қалалық медициналық мекемелерден қосымша күш сұрады.

07.42 – оқиға орнына әуежайдың апатты-құтқару қызметі келді.

08.10 – құлаған әуе кемесінің барлық жолаушылары қауіпсіз жерге көшірілді: зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, өздігінен жүре алатындарды әуежайға апарып тастады.

Анықталғандай, ұшақ апаты жайлы естігеннен кейін, оқиға орнына әуежайдың құтқару қызметінің 83 қызметі мен 22 техника бірлігі жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары