$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтанда көшелерді су басты (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда су құбыры жарылып, елордалықтар суық сусыз қалды.

Елордада су құбыры жарылып, Моңғолия елшілігі мен тұрғын үйлер суық сусыз қалды, қазір апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды sputniknews.kz.

Су басқан көшенің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Қазір Алматы ауданында апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады әкімдік "Астана Су Арнасы" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Су құбырып жарылып, Ақбұлақ-2" ықшамауданы, Тоқырауын көшесінде су сөндірілді. Мына мекен-жайлар бойынша тұрғындар суық сусыз қалды: Тоқырауын көшесі 8, 10, 12, Шарль де Голь көшесі 3/1, 5, 7, 9, сондай-ақ Сарқырама, 4, Тоқпанов, 35/1, Моңғолия елшілігі", - делінген хабарламада.

Апатқа байланысты су сағат 16.00-де сөндірілді, жұмыстар 23.59-де аяқталады деп көзделген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары