«Қандыағаш қаласының жұмыссыз тұрғыны вахталық әдіспен мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, Мұғалжар ауданының 7 азаматын алдап соққан. Ол жұмысқа орналастыру үшін адамдардан 105 мың теңгеден ақша жинап алған. Кейін оларды Ақтау қаласына пойызбен жіберіп, адамдар күтіп алады деп уәде берген. Алайда жәбірленушілерді ешкім күтіп алмаған. Сөйтіп олар полицияға жүгінген», - деді ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Аталған фактілер негізінде «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Полиция алданғандардың көп екенін жоққа шығармайды және жәбірленушілерден Мұғалжар полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.