$ 494.87  520.65  4.91

«9-орын»: Қазақстан бензині арзан елдер қатарына кірді

2019 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда отын құны 45 цент болды (шамамен 170,4 теңге).
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан бензиннің арзандауы бойынша әлемде 9-орынға ие болды, оны Globalpetrolprices мәліметтері куәландырады,-деп хабарлайды 7kun.kz.

2019 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда отын құны 45 цент болды (шамамен 170,4 теңге). Республика Түркіменстан (43 цент) мен Әзірбайжан (47 цент) арасында орналасқан.

Көршілес мемлекеттерге келетін болсақ, Өзбекстан 18 орынға (56 цент), Қырғызстан 22 орынға шықты (62 цент), Ресей 73 цент құнымен 28 орынды иеленді. Ал Беларусь 38-ші орынға дейін төмендеді (83 цент).

Globalpetrolprices ақпараты бойынша, бүкіл әлем бойынша бензиннің орташа бағасы бір литр үшін 1,11 долларды құрайды.

Бензин бағасының төмендеуі рейтингінде алғашқы орындар Венесуэлаға (1 центтен аз), Иранға (11 цент) және Суданға (17 цент) тиесілі болды.

Ал әлемдегі ең қымбат бензин құны Монакода (1,91 доллар), Исландияда (1,93 доллар) және Гонконгта (2,3 доллар) тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары