$ 445.66  474.58  4.78

Боливияда мереке қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті

Ондаған ерікті Ла-Пас көшелерінде жүрген панасыз жандарды жинап, шаштарын қиып, жуындырып, тамақтандырды.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Жаңа жыл қарсаңында Боливия асатанасындағы ұйымдардың бірі баспанасыз қаңғып қалған жандарға көмек қолын созды,-деп хабарлайды 24.kz.

Ондаған ерікті Ла-Пас көшелерінде жүрген панасыз жандарды жинап, шаштарын қиып, жуындырып, тамақтандырды. Қазірге дейін 20-ға жуық адамға көмек көрсетілген. Ұйымдастырушылар шараны одан әрі жалғастыруға ниетті.

Айта кетейік, Боливия Латын Америкасындағы ең кедей елдердің бірі болып саналады. Қазан айында бұл мемлекетте президенттік сайлаудан кейін толқулар басталып, президент Эво Моралес биліктен кеткен. Қазір елде уақытша үкімет жұмыс істер жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары