$ 514.65  544.6  5.17

«Наймандар кезінде христиан дінін ұстанған»: жаңа жылға қатысты пікірталас ушыға жаздады

«Жаңа жылды Еуропаға апарған ғұндар, Атилла болатын. Мәңгі Тәңір ағашын (ёлка) жыл бастауының символы қылған да осы «кентаврлар» еді».

Журналист Оңғар Қабден жаңа жылды тойлауға қарсылық танытып, Наурызды атап өтуді қалайтындарды «тамырынан ажыраған» деп есептейді. Оның айтуынша, қазаққа осы қысқы мереке жақын, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен Жаңа жылға қарсымын, одан да Наурызды тойлайық дегендер көбейе бастапты. Тамырдан ажырау деген осы. Жаңа жылды Еуропаға апарған ғұндар, Атилла болатын. Мәңгі Тәңір ағашын (ёлка) жыл бастауының символы қылған да осы «кентаврлар» еді.

Ал енді Наурызға келетін болсақ, парсыдан кірген мереке Наурыз. Дінмен қатар келген мереке деуге болады. Алып-қосарларыңыз болса, ортаға салыңыздар» деп жазды ол facebook парақшасында.

Осы орайда, Beglan Sharınbai есімді желі қолданушы: «Жаңа жылдың бір жаман жері – шыршаны отайды. Наурыздың бір жақсы жері – тал егеді» деген пікір қалдырды.

Ал Қанат Махмудов деген азамат: «Мұсылмандар негізі көпқұдайшылдардың, яғни зороастризмнен келген Наурыз мерекесінен гөрі, Құрандағы бірнеше жерде аты аталған Иса Мариямұлының туған күнімен байланысты Жаңа жылды тойлағаны абзалырақ», - десе, әріптесіміз Жолымбет Мәкіш те: «Христиандардың рожествосы «тамырың» емес қой, Оңғар», - деп діни тұрғыдан сөйлеп отыр.

Осы сәтте, Қанат Махмудов: «Жолымбет бауырым, ата-бабаларымыз (наймандар) кезінде христиан (несториан бағытын) дінін ұстанған. Сосын ұмытпағайсың, Жаңа жыл діни сипатқа ие емес», - деп даулы мәселенің шетін шығарып қойып еді, оларды Бибарыс-Султан Омирбай деген аккаунт иесінің «Екеуін де діни мереке деп қарастырған дұрыс емес!!!» - деп үш леп белгісін қойған сөзі тоқтатқандай болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары