$ 442.05  474.14  4.74

Әскери басқару органдары тексеріледі

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы 6 отырыс өткізіп, нәтижесінде әскерге шақыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік сатып алу, әскери басқару органдарының қызметі саласында 25 ұсынылым енгізілді.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қорғаныс министрлігінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында 2019 жыл бойынша қызмет қорытындысы жасалып, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің лауазымды тұлғалары тыңдалып, сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Армия орталық спорт клубы лауазымды тұлғаларының ұсынымы қаралды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Тортаев басшылық еткен комиссия жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтамай және тәртіптік жаза жасауға барған ҚР ҚМ АОСК офицерінің лауазымға сәйкестігі жөнінде ұсыныстар берді. Одан бөлек, комиссия жергілікті басқару органдары қызметінің жемқорлыққа баруға тәуекелдігін талдау, кадрларды тағайындау мен лауазымға қоюды мониторингтеу, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметін тексеріп, аталған департаменттің бөлімше сержантын Қарулы Күштер қатарынан шығару туралы шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы әрекетте алдын-алу шаралары маңызды рөл атқарады. Қазақстан Қарулы Күштерінде 8230 профилактикалық шаралары өтті.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2019 жылы жемқорлыққа қатысты қылмыстың саны өткен жылмен салыстырғанда 76% төмендеген. Осы жылы жемқорлыққа қарсы әрекет жайындағы заңнаманы орындауды бақылау бойынша Қорғаныс министрлігінің комиссиясы 6 отырыс өткізіп, нәтижесінде әскерге шақыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік сатып алу, әскери басқару органдарының қызметі саласына 25 ұсынылым енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары