$ 443.85  474.3  4.8

Солтүстік Қазақстан облысында қауіпті метан газы тиелген көлік аударылды

Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты дереу қоршауға алды.

Солтүстік Қазақстан облысында метан газы тиелген көлік аударылып, аймақтағы құтқару қызметін тікесінен тік тұрғызды. Өйткені иісі сезілмейтін бұл газдың қаупі мол – адамдар уланып, тіпті жарылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты дереу қоршауға алды. Ресейдің Екатеренбург қаласынан Нұр-Сұлтанға бағыт алған көлік Қызылжар ауданы маңында аударылған. Цистернасында 17 тонна метан болыпты. Абырой болғанда газ толы көлік тіркемесінің ешбір жері тесілмей, көлікті көтеруге бірнеше кран алдыртты. Одан әрі елордаға жеткізуді метан газына тапсырыс берген компания өз мойнына алған. Ал аударылған көліктің жүргізушісі дін аман. 

Баян Байғаскина, СҚО жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы: 

- Ресей Федерациясының жүргізушісі рульді басқара алмай, куветке төңкерілген. Аталған жолкөлік оқиғасының салдарынан жүргізуші шамалы зақымдар алып, ауруханада медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#СҚО