$ 494.87  520.65  4.91

Айгүл Орынбек: «Бізде өзі Бас Прокуратура бар ма?»

Ол 15 адамның қаза тапқанын айтып, апат болған күні басшысын қамамағанына налыды.

«Бізде өзі Бас Прокуратура бар ма?». Осылай деген заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Алматыдағы ұшақ апатына кінәлілер неге жазаланбайды деп ашынды.

Ол 15 адамның қаза тапқанын айтып,  апат болған күні басшысын қамамағанына налыды.

«Жер сатылмасын» дегені үшін Макс Боқаевқа бес жыл береді.

Ал жарамсыз ұшақтарды ұшырған басшы, өз пайдасына жүрген бизнесмен,  жәй ғана елдің алдына шығып, әркімді кінәлап ақталып отырады! 

ҚР Конституциясы 1-бап ҚР өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - "адам және адамның өмiрi", құқықтары мен бостандықтары.

Конституцияның 1-бабына да өзгерістер енгізейік! Адам және адамның өмірі деген жерді алып тастап, "Жоғарыда отырған шенеуніктер және оның туысқандары" деп жазып қояйық!

Халық өмірі сендерге қазына емес!

Сендерге қолында үлкен қаржысы бар, бизнесі бар шенеуніктердің өмірі қазына!», - деп жазды ол.

Заңгер өз сөзінде Жапонияны мысалға келтірді. 

«Жапонияда ұшақ кешіккенге бүкіл әуекомпания қызметкерлері басын иіп кешірім сұрап тұр. Ал біздің ел үш күн жүріп компания басшысын әрең тапты! Сол жерде жәй ғана қара халықтың ішінен біреу болғанда ғой, баяғыда кісендеп алып, тергеу изоляторының  ішінен кешірім сұраған видеосын таратар едіңіздер!

Әттең адам өмірі қазынаға емес, адам өмірі мазарға айналған заман-ай!

Он бес адамды өлтіргізіп қойып, "щасси ашылмай қалған кезде де қонған " деп мақтанып отыру бұл енді миға сыймайды. Ұшақ апатына қатысты Bek Air басшысынан бастап, ел ішінде ұшыруға рұқсат берген шенуніктерге дейін 15 жылға жазалансын!

Сол кезде ғана адам өмір қауіпсіздігі жасалып, өмірі бағаланады!

Бас Прокурор Ғ. Нұрдаулетов мырза халық үшін жұмыс істейді деп сенемін!», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. 

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев 

lжолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары