$ 443.85  474.3  4.8

200-ге жуық сапасыз пиротехникалық бұйым тәркіленді

Бүгінде қала базарлары мен сауда орындарында отшашулар мен өзге де өнімдер көбейген.
фото: matritca.kz
фото: matritca.kz

Ақтөбенің сауда орындарынан 200-ге жуық сапасыз пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл - бірқатар мекемелердің бірлесе жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесі. Осыған орай, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары тұрғындарға отшашуларды пайдалануда сақ болуды ескертіп отыр.

Әсіресе, пиротехникалық заттарды балалардың жақпауын сұрайды. Сондай-ақ, кез келген пиротехникалық бұйымды тұрғын үйден 50 метр қашықтықта қолданған дұрыс дейді. Бүгінде қала базарлары мен сауда орындарында отшашулар мен өзге де өнімдер көбейген.  

"Сауда нысандарынан жарамдылық мерзімі өткен бұзылу белгілері бар және қолдану нұсқамасы жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатып алмауды ескеру керек. Сонымен қатар, пиротехникалық бұйымдарды сататын жеке тұлға, заңды тұлғалар міндетті түрде осы сатылып жатқан бұйымдарына Кеден одағының сәйкестігі жөніндегі декларацияның болуы керектігін ескертеміз", - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Дереккөз: Хабар 24

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары