$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде қансыраған қыз бір өлімнен аман қалды

Оқиға болған жерді қоршауға алды.

Өскеменде тамырын алмаспен тіліп, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан бойжеткен табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, yk.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткеннің бұндай әрекетке баруына сүйіктісімен қоштасуы себеп болған. Қансыраған қызды Ұлттық Ұлан қызметкерлері Гагарин бульварындағы ойын алаңының жанынан байқап қалған. Бұл оқиға 29 желтоқсанға қараған түні болған. 

Қиын жағдайдағы қызды көрген қатардағы жауынгердердің бірі Табыс Қайсар рация арқылы топ басшысы Ермек Уәлиевке хабарлап, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көмек көрсетушілер қыздың  кесілген жерін таңып, қанның ағуын тоқтатып, жәдел жәрдем шақырды. Оқиға болған жерді қоршауға алды. Қазір қыз ауруханаға жатқызылған.
 
Бүгінгі таңда осы оқиғаға байланысты «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқиға #Ұлан #қыз