$ 494.87  520.65  4.91

Қалыңдығының опасыздығын біліп қойған жігіт одан ерекше әдіспен кек алды (ВИДЕО)

Алданған жігіт салтанатты түрде той өтетін кезде видеоны келген қонақтардың көзінше көрсетіп, қыздың масқарасын шығарды.
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Өзіне опасыздық жасаған қалыңдығынан күйеу жігіт үйлену тойы кезінде кек алды. Бұл оқиға Қытайдың Фуцзянь провинциясында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Осы оқиғаның видеосы Қытайдың әлеуметтік желі қолданушылары арасында қарқынды таралуда. Тойға дейін қыз бен жігіт екі жылдай жүрген. Ал жарты жылдан кейін шаңырақ құратын болып екеуара сөз байласқан. Бірақ, жігіт болашақ қалыңдығынан күмәнданып қалады. Сондықтан қыздың ізіне түсіп, оның үйіне жасырын камера орнатып қояды.

Содан соң видеоны көрген жігіт сүйіктісінің жездесімен жақын қарым-қатынаста екендігін біліп қояды. Алданған жігіт салтанатты түрде той өтетін кезде видеоны келген қонақтардың көзінше көрсетіп, қыздың масқарасын шығарды. Ешкім мұндайды күтпегендіктен, тойға келгендердің барлығы аң-таң болды.

Ақыр соңында жігіт қалыңдығынан "Сен мені ештеңе білмейді деп ойладың ба?" - деп сұраған көрінеді.

Масқарасы шығып, абдырап қалған қалыңдықтың күйеу жігітке қарай гүл шоғын лақтырғаны видеода көрініп тұр. Қытайдың жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге сүйенсек, олар төбелесе жөнеліп, ақыр соңында амалы таусылған қалыңдық әпкесінің күйеуімен жүретінін мойындапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары