$ 446.49  475.38  4.79

Алып автошырша жаққан оралдықтар жаңажылдық флешмоб бастады (ВИДЕО)

Соңында Аяз ата эстафетаны Қазақстанның басқа қалаларына тапсырды.

Оралда 60-қа жуық көлік жүргізуші жиналып, жаңажылдық флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Жүргізушілер қала сыртына шығып, көліктерінің шамдарын қосып, алып автошырша жаққан. Осының барлығы квадрокоптерге түсірілген. Соңында Аяз Ата эстафетаны Қазақстанның басқа қалаларына тапсырды. 

Ұйымдастырушылар Оралда бірнеше авто жүргізушілер қауымдастығы барын айтты. Әлеуметтік желіде олардың топтары бар. Белсенділер ақылдасу үшін алдымен жиналып, жоспар құрған. Қаладан шыға берістегі металл әріптерден жасалған "Орал" жазуының маңын түсірілім алаңы ретінде белгіледік.

"Осындай "Автошырша" флешмобтары Ресейде және Қазақстанда ұйымдастырылады. Біз 60-қа жуық көлікті жинадық. Жүргізушілердің көбісі соңына дейін шыдай алмады. Оларды орналастырғанша 2 сағат уақытымыз өтті. Күн ашықта жиналған болатынбыз, түсірілім біткенше түн болды. Тәжірибелі видеоператор квадрокоптерге түсіріп, роликті монтаждады", - дейді ұйымдастырушылардың бірі Виктор Кирсанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары