$ 442.05  474.14  4.74

Жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Зардап шегушінің беті мен қолын күйік шалған.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ресейдің Челябинск облысында орналасқан жанармай бекеттерінің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарылыс салдарынан 1 адам жарақат алған. Зардап шегушінің беті мен қолын күйік шалған. Қазір ол ауруханада дәрігерлердің көмегіне жүгінуде.

Оқыс оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көлікке жанармай құю кезінде шланганың үзіліп кетуі - жарылыс болуына түрткі болыпты.Шланга үзіліп, жерге жанармай тамып, соның салдарынан өрт шығып, қызыл жалын тез өршіген екен. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, тез арада өртті ауыздықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары