$ 494.87  520.65  4.91

«Еститін мемлекетке» бір жылда 22 мыңнан астам өтініш түскен

Белгілі бір өтініш бойынша ведомство аралық өзара бірлескен әрекетті, өтініш түсірушінің арыз-шағымы бойынша заңнамалық сараптама жасауды және оған мемлекеттік органдардың жауап беруін үйлестіріп отырады.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

2019 жылы ҚР Президент Әкімшілігіне 22 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

2019-шы жылдың сәуір айында мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Виртуалды қабылдауы» жұмыс істей бастаған болатын. Сол кезден бері 6 мыңнан астам өтініш түскен.

Бөлім ҚР Президенті Әкімшілігіне түсіп жатқан өтініштердің 90 %-ке жуығын бақылап отырды.

Президент көмекшісі – өтініштерді қарастыруды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен оның қызметкерлері 2019-шы жылдың тамызынан бастап 1,3 мың адамды қабылдаған.

Жалпы алғанда, бөлім жұмысы «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары