$ 494.87  520.65  4.91

«Тірідей жанып кете жаздаған»: қария мүгедек әйелін өлімнен арашалап қалды

Көзді ашып-жұмғанша автомобиль қызыл жалынға оранған екен.

Cингапур тұрғыны үрейге ерік бермей, тірідей жанып кете жаздаған әйелін өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды AsiaOne-ға сілтеме жасаған Sputniknews.kz.

Оқыс оқиға 28 желтоқсан, сенбі күні Сингапурде болған. 72 жастағы зейнеткер Тан Ченг Уитт 68 жастағы арбаға таңылған әйелі Ху Гек Хвамен бірге қызын жұмыстан алып кетуге бара жатқан.

Алайда, олардың алдынан мотоциклші шыға келген. Жүргізуші мотоцикл тізгініне ие бола алмай, жолдың арғы бетіне қарай кеткен.

Тан Ченг Уитт жол апатының алдын алу үшін көлік тежегішін жанталаса басқанымен, бұл әрекетінен нәтиже шықпаған. Мотоцикл жанып, қарияның Toyota Rush көлігінің тура жанынан өтіпті.

Көзді ашып-жұмғанша автомобиль қызыл жалынға оранған екен. Алайда 72 жастағы зейнеткер үрейге ерік бермей, тірідей жанып кете жаздаған әйелін көліктен алып шығып, қауіпсіз жерге апарған.

Тан Ченг Уиттке куәгерлер де көмектесіпті. Апаттан қария да, оның әйелі де зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция мен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Ал 23 жастағы мотоциклші жеңіл жарақат алыпты. Ол ауруханаға жеткізілді.

Келесі күні Ху Гек Хва жол апатының қалай болғанын айтып берді.

"Мен апат болған кезде қатты қорқып кеттім. Денемді қозғалта алмай қалдым. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Өмірімді құтқаруға атсалысқан адамдарға алғысымды білдіремін", - деді ол.

Кейін Toyota Rush көлігі Тан Ченг Уиттің 38 жастағы ұлы Деррик Танға тиесілі екені белгілі болды. Ол жол апаты болған кезде Таиландта демалыста жүріпті.

Деррик Танның айтуынша, апаттан көлікке қатты зақым келген. Сондықтан оған жаңа автомобиль сатып алуға тура келеді.

Ал полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мотоцикл