2019 жылы ҚР Президент Әкімшілігіне 22 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
2019-шы жылдың сәуір айында мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Виртуалды қабылдауы» жұмыс істей бастаған болатын. Сол кезден бері 6 мыңнан астам өтініш түскен.
Бөлім ҚР Президенті Әкімшілігіне түсіп жатқан өтініштердің 90 %-ке жуығын бақылап отырды.
Президент көмекшісі – өтініштерді қарастыруды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен оның қызметкерлері 2019-шы жылдың тамызынан бастап 1,3 мың адамды қабылдаған.
Жалпы алғанда, бөлім жұмысы «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.