$ 498.34  519.72  4.85

Нұр Сұлтанда мас адам автобус астына түсіп қалды (ВИДЕО 18+)

Оқиға орнына жеткен «ҮМЗ» АҚ қызметкері автобус жүргізушісінен түсініктеме алды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бүгін, 31 желтоқсанда, сағат 10: 11-де Уәлиханов-Сейфуллин көшелерінің қиылысында №24 автобус жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Astana LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева хабарлады.

Оқиға салдарынан жаяу жүргінші сол жақ қабағы жарылған. Ер адам мас болған, оның ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды.

Оқиға орнына жеткен ПД тергеушісі автобус жүргізушісінен түсініктеме алды. Жәбірленуші кінәсін мойындап, автобус жүргізушісіне шағым жазбады.

«Құрметті жаяу жүргіншілер! Жолдарда абай болыңыз, жаяу жүргіншіге арналған жерлерден және бағдаршамнан ғана өтуіңіз сұралады. Уақыт үнемдеймін деп, өміріңізді қиып жібермеңіз», - деді Науат Азанбаева.

Назар аударыңыз! Бұл видеоны 18 жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және психикасы тұрақсыз адамдарға көруге болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты