$ 494.87  520.65  4.91

Алматылықтардың қарызы кешірілді

Қазіргі таңда «Алматы су» мекемесі септик үшін қарыздарды алып тастау үшін тиісті түзеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қала тұрғындарының өтініші мен Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша септиктің қызметіне төленуі тиіс қаржы кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алматы су» мекемесіне сілтеме жасап.

 «2009-2015 жылдары Алматы қаласында жеке тұрғын үйлерде тұрып жатқан және орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған тұрғындарға сол уақытта күшінде болған заңнама талаптары бойынша су бөлу қызметі бойынша қосымша төлем енгізілген болатын. 2015 жылдың мамыр айынан бастап аталмыш заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты септик үшін қосымша қаржы енгізілмеген»,-деді ұйым өкілдері. Сонымен қатар, бұған дейін белгіленген төлемдер ай сайын квитанцияда көрсетіліп келген еді. Тізімнен шығарылған сома 131 млн теңгені құрады. 

Қазіргі таңда «Алматы су» мекемесі септик үшін қарыздарды алып тастау үшін тиісті түзеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл түзету 2020 жылы таратылатын квитанцияларда көрсетілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы