$ 514.65  544.6  5.17

Елордада мас адам автобус астына түсіп қалды

Оқиға орнына жеткен ПД тергеушісі автобус жүргізушісінен түсініктеме алды.

Оқиға орнына жеткен «ҮМЗ» АҚ қызметкері автобус жүргізушісінен түсініктеме алды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бүгін, 31 желтоқсанда, сағат 10: 11-де Уәлиханов-Сейфуллин көшелерінің қиылысында №24 автобус жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Astana LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева хабарлады. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші сол жақ қабағы жарылған. Ер адам мас болған, оның ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. 

Оқиға орнына жеткен ПД тергеушісі автобус жүргізушісінен түсініктеме алды. Жәбірленуші кінәсін мойындап, автобус жүргізушісіне шағым жазбады. 

«Құрметті жаяу жүргіншілер! Жолдарда абай болыңыз, жаяу жүргіншіге арналған жерлерден және бағдаршамнан ғана өтуіңіз сұралады. Уақыт үнемдеймін деп, өміріңізді қиып жібермеңіз», - деді Науат Азанбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары