$ 494.87  520.65  4.91

Балықтарды «жаппай қырып» алған «Атырау су арнасы» жұмысын тоқтатты

Кәсіпорын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсетпейді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Жайықта балықтардың жаппай қырылуына жауапты «Атырау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, мекемеге сілтеме жасап.

 «Кәсіпорын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсетпейді. Бұл қызметтер «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына беріледі. Осы күннен бастап сумен қамтамасыз ету және су тарту қызметін көрсету жөніндегі келісімшарт бұзылып, «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнымен қайта жасалады. Осыған байланысты келісімшартты мақұлдап, өзекті ақпарат ұсынуды өтінеміз. Ал коммуналдық қызметтің ақысын 1 қаңтардан бастап «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнына төлейсіздер» делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада

Осы орайда, естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Жайық өзенінде балық жаппай қырыла бастаған болатын. Салдарынан зауыт, бекіре тұқымдас балықтардың жартысын жоғалтып, 110 тонна балық қырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары