$ 494.87  520.65  4.91

Орталық алаңға көлікпен кірген бұзақылар мерекенің көркін кетірді

Ұсталғандар  істеген істерін толық мойындап, қала тұрғындарынан кешірім сұрапты.

Қызылорда қаласындағы орталық алаңға көлікпен кірген бұзақылар мерекенің сәнін кетірді. Себебі олар, жаңажылдық мейрамның сәнін келтіретін безендірулерді тып-типыл етіп қиратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абырой болғанда, бұзақылардың әрекеті полиция жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бұл оқиға 30 желтоқсан күні таңғы сағат 6.45 шамасында болыпты. Мамандардың мәліметінше, үш жас жігіт көлікпен орталық алаңға кірген.

Алаң аумағына енген соң шеңбер жасап, жаңажылдық әшекейлермен безендірілген үйшіктерге тоқтайды. Олар мерекелік безендірулерді қиратып, ол әрекеттерін ұялы телефондарының камерасына түсіріп алған. Мұны бақылау камерасынан көріп қалған тәртіп сақшылары бұзақыларды ұстап алды.

Әзірге бұзақылардың кімдер екендігі айтылған жоқ. Бар болғаны, 20-26 жас аралығындағы жігіттер екені белгілі. Қазіргі кезде бұзақылардың көліктері айыппұл тұрағында тұр. Полиция департаментіндегілер олардың заң бойынша жауап беретінін айтты.

Ұсталғандар істеген істерін толық мойындап, қала тұрғындарынан кешірім сұрапты.

Айтпақшы, Полиция департаменті Қызылордада "Құқық тәртібі" атты іс-шара өтіп жатқандығын және бұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыс істеп отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары