$ 494.87  520.65  4.91

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді.
Фото: Youtube.com
Фото: Youtube.com

Жаңа жылдың алғашқы күнінде қоғам қайраткері, саясаткер Серікболсын Әбділдин өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Серікболсын Әбділдаұлының бақилыққа аттанғанын естіген қоғам белсенділері жайсыз хабардан соң үнсіз қалмады. 

Мысалы,"Серікболсын Әбділдин ағамыздың әруағы иманды болсын. Тарихи, үлгілі тұлға. Ақылды, білімді, парасатты кісі еді. 2015 жылы күзде менің балаларым оқуға кетіп жатқанда Серік ағам ақ батасын берген еді. Бақұл болыңыз, асыл аға! Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын, бекем болыңыздар! Телеарналар бұл суық хабарды халыққа жеткізеді деп үміттенемін!" деп Мұхтар Тайжан facebook парақшасында жазып, онымен түскен суреттерін оқырмандарының назарына ұсынды.

Ал белгілі журналист Ермұрат Бәпи болса, «Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді. Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді. Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді. Қош бол, асыл аға!» - деп марқұмның ізгі істерін еске алды.

Серікболсын Әбділдин  – 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келген. 1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектеп ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап өмірінің соңына дейін оппозиция құрамында болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары