$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстандық Мусоров – екінші орындағы сұрмерген!

Қазақстан жастар құрамасы енді 2, 4, 5 қаңтар күндері Германиямен жұбаныш кезеңінде шеберлік байқасады.
фото: shaiba.kz
фото: shaiba.kz

Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров сұрмергендер көшінде екінші орында келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында төрт кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Швейцариядан 3:5 есебімен жеңілген қазақстандық хоккейшілер одан кейін Словакияға 1:3, Финляндияға 1:7 , Швецияға 2:6 есебімен жол берді.

Бұл төрт кездесуде Максим Мусоров төрт голдың авторы атанды.

Сұрмергендер көшін швед хоккейшісі Самуэль Фагемо 6 голмен бастап тұр. Одан кейінгі орындағы Максим Мусоровтан өзге, Роберт Джуган (Словакия), Артур Калиев, Шейн Пинто (екеуі - АҚШ), Патрик Пуйстола (Финляндия), Либор Забрански (Чехия) сынды хоккейшілердің еншісінде төрт-төрт шайбадан бар.

Қазақстан жастар құрамасы енді 2, 4, 5 қаңтар күндері Германиямен жұбаныш кезеңінде шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары