$ 446.49  475.38  4.79

Арқаның ақ бораны бас шыршаны жалп еткізді

Қала билігі тез арада қираған шыршаны жұрттың көзіне көп түсірмей, орталық алаңнан алып кетті.

Ақмола облысының Макинск қаласында бұрқасын жел Жаңа жылға арнап безендірілген бас шыршасын құлатты. Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерге қарағанда, қаланың орталық алаңында орнатылған шырша желдің күшіне шыдамай құлаған. Желі қолданушылар құлаған шыршаны қызу талқылуда.

Пікір білдірушілердің бірі шыршаның қасында суретке түсіп үлгермедік деп өкініш білдірсе, енді бірі сапасыз орнатқан адамдарды сынға алуда.

Ал қала билігі тез арада қираған шыршаны жұрттың көзіне көп түсірмей, орталық алаңнан алып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары