Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жағалау» аймағында 1 қаңтарға қараған түні көлік асфальтқа қадалып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнынан суреттер Facebook желісіндегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жарияланды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің шұңқырға түнгі сағат 01: 50-де қадалып қалғанын растады.
«E-30 көшесі бойымен келе жатқан Kia Rio көлігінің жүргізушісі қоршалмаған асфальттың бетіндегі шұңқырға түсіп кете жаздады. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департамент өкілі.