$ 514.65  544.6  5.17

«Ұят нәрсе екен»: комитет төрағасы Арман Тұрлыбек ресейлік блогердің жазбасын өз атынан жариялаған

«Қазақстан Экология министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілі Фейсбук пен Инстаграмдағы өз парақшасында аулаларды жаңажылдық отшашу қалдықтарынан қалай тазалап жатқанын айтыпты. Бірақ, тек мен жариялаған мәтін мен суреттерді ғана пайдаланған», – дейді блогер.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек «Чистомен» деген атпен танымал ресейлік блогердің жазбасын ұрлаймын деп ұятқа қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

«Чистомэн» - Артур Матис-Сиразеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық шенеуніктің плагиатпен айналысқаны туралы жазды. Онда ол өзінің күндіз ғана жариялаған жазбасын артынша Арман Тұрлыбек деген қазақстандық шенеуніктің өз атынан жариялағанын айтып, жазбаның скрин-көшірмесін оқырмандарына көрсеткен.

«Қазақстан Экология министрлігі Су ресурстары комитетінің өкілі Фейсбук пен Инстаграмдағы өз парақшасында аулаларды жаңажылдық отшашу қалдықтарынан қалай тазалап жатқанын айтыпты. Бірақ, тек мен жариялаған мәтін мен суреттерді ғана пайдаланған. Бұл жағдайға таңғалып отырмын десем, ештеңе айтпағаным шығар... Мені бәрінен де авторлық контентті ұрлау фактісі ашуландырып отыр. 2020 жыл басталмай жатып осындай деңгейдегі шенеуніктердің ұрлықпен айналысқаны ұят нәрсе екен», – дейді блогер.

Су ресурстары комитетінің басшысы Арман Тұрлыбек өз парақшаларында блогердің жазбасын тек соңғы сөйлемдерін ғана сәл өзгертіп, сөзбе-сөз көшіріп басқан, әрі блогер салған суреттерді дәл солай етіп өз атынан жариялаған.

Екі жазбада да көшелер мен аулалардың соғыс жүріп өткендей әсер қалдыратыны, айналаның бәрі атылған отшашу мен шартылдақтан қалған қалдыққа, шашылған бөтелкеге толы екені жазылған.

«Ең жаманы, осындай отшашуларды атқанда бөлінетін пластик қалдықтарының ауада қалып қоятыны. Сөйтіп, көктемге дейін жататыны. Отшашу нұсқаулығында: «Пайдаланған соң қоқыс жәшігіне апарып салыңыз» деген басты сөздің жазылмай кеткені өкінішті. Шашылып жатқан қалдықтың бәрін шамам келгенше қоқыс жәшігіне апарым салып келдім. Достар, маған сіздердің қолдауларыңыз керек» делінген жазбаларда.

Әлбетте, қазақстандық шенеуніктің бұл әрекеті Артур Матис-Сиразеевті Ресей қоғамы үшін пайдалы істер атқарып жүргені үшін жақсы көретін әрі оның әрбір бастамасы үшін әрқашан қолдау білдіріп отыратын оқырмандарының ашу-ызасын тудырған. Олар шенеунік әрекетін қатты сөгіп, оның Фейсбук және Инстаграм парақшаларына ашулы пікірлер қалдыруда. Кейбір оқырман автордан кешірім сұрауды талап етіп жатса, енді бірі «Ең қорқыныштысы, шенеуніктің қоқыс тазаламақ түгілі, жылы үйде отырып алып, пост ұрлаумен айналысқаны» деген ойларын жазуда.

Ал Арман Тұрлыбек көп ұзамай өзінің плагиат-жазбасын әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алып тастапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары