$ 494.87  520.65  4.91

4 балалы ана көзінің көрмейтіндігін ұзақ жылдар бойы неліктен жасырғанын айтты

Көзінің нашар көретіндігіне қарамастан Зена баланы дүниеге әкеліп, ана атанып отыр. Естеп сақтау қабілетін әбден жаттықтырып алған.
фото: women.ru
фото: women.ru

Зена Купер тумысынан сирек кездесетін Марфан синдромына шалдыққан. Ол Ұлыбританияның Амманфорд қаласының тұрғыны. Марфан сидромына ұшыраған оның көру қабілеті нашар. Десе де ол басына түскен қиындыққа қарамастан балалық шағынан бұл ауруды жеңуге тырысып, қалыпты өмір сүруге бейімделген. Оның көзі дұрыс көрмейтіндігін тіпті, жақындары мен туыстары да білмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зена қазір 42 жаста. 4 баланың анасы. Ол осы уақытқа дейін дұрыс көре алмай келген. Бір таңқаларлық жағдай, көзінде ақауы бар Зена бала кезінен бері басқа адамдардың барлығы да өзі секілді өмір сүреді деп ойлапты. Өзін осылай сендіріп алған оның осы диагнозына әбден еті үйреніп кеткен. Балалық шақтан көзінің нашар көретініне еш шағымбандаған Зенаның бұл жағдайы ата-анасы да білмеген.

 "Қыз кезімде өзгелерден ерекшеленетіндігімді білдім. Бірақ, басқа адамдарда мен секілді айналасындағыларды бұлдыр қалыпта көреді деп ойладым. Мәселен, олар да тамақты иісі мен дәмі арқылы сезеді, ажыратады, киім-кешек пен заттарды қолмен ұстап таниды деп ойладым", - деп Зена "құпиясын ашты".

Көзінің нашар көретіндігіне қарамастан Зена баланы дүниеге әкеліп, ана атанып отыр. Естеп сақтау қабілетін әбден жаттықтырып алған. Мысалы, жол жиектерін, кқшелерді дұрыс ажырата алады.Қай кезде болсын қырағы.

"Үнемі санап жүретінмін. Аяғымның астында не жатқанын  бірден сезіп, есімде сақтап, есту қабілетімді де дамыттым", - дейді жігерлі әйел. 

Зенаға денсаулығының нашарлығы білім алуына мүлдем кедергі келтірмепті. Ол тіпті, магистр дәрежесін алған. Мектепте психолог болып жұмыс істейді.Бұл жетістіктердің барлығына Зена көзінің дұрыс көрмейтіндігін ешкімге тіс жарып айтпағандығының арқасында қол жеткізген.

Әйткенмен, бір күні Зенаның құпиясы ашылып қалады. Ол жұмыс істеп отырған кезде оқушылардың бірі келіп одан көмек сұрайды. Дәл сол сәтте Зена оқушының даусы мен жүріс-тұрысын басқа біреумен шатастырып, оны сол адамның атымен атап жібереді. Осы кезден бастап ол ауруы жайлы басқаларына айтуға шешім қабылдайды.     

Көзінің дұрыс көрмейтіндігін айналасындағыларға айта бастаған сәттен оның өмірі жақсы жағынан өзгерген. Қазір Зенаға жақындары қасына серік болып, бірге алып жүретін ит алып берген. Яғни, ит оның бағдаршысы іспетті. Өміріндегі үлкен өзгерістен кейін ол өмірі жайлы кітап жазған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары