Атырауда қаңырап бос қалған үйден адамдар зәре-құты қалмай қорқып отыр. Себебі тұрғылықты мекенжайы жоқ көше кезбелері әлгі үйді паналап алған. Қазіргі таңда түрі де қорқынышты тұрғын үй апатты жағдайда. Сүрілуі тиіс болған 5 қабатты жатақхана Атыраудағы Құнанбаев көшесінде орналасқан. Ол үйдің тұрғындары былтыр желтоқсан айында басқа баспанаға көшірілген, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, АTP Press-қа сілтеме жасап.
Бүгінде жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезбелердің сүйікті мекеніне айналған бұл ғимарат елдің қорқынышын туғызуда.
Әлеуметтік желіде сол ғимарат туралы видеоролик тараған. Бейнероликтің авторы ғимараттың жастар мен "бомждар" жиналатын жер болып кеткенін алға тартты. Терезелерден тротуарға ескі сантехника тасталынып жатады. Ауласында ашық құдықтар көп. Қайғылы оқиғаның болғанын күтіп отырған шығар", - дейді видео авторы.
Ал ғимаратқа үйлері жақын орналасқан тұрғындар болса, ол жерде түнде әлдекімдердің от жағатынын айтып шағымданған. Тұрғындардың уәжін елеусіз қалдырмаған Атырау облысы әкімдігінің қызметкерлері видеоны көріп, үй сүрілгенше оған кіретін жолдарды жауап тастаймыз деп уәде берген екен.