Өткен жылы Алматы облысының полиция қызметі 157 атыс қаруы мен 615 оқ-дәріні заңсыз айналымнан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оның басым бөлігі - тегіс ұңғылы қарулар, бірақ тәркіленген қару арасында 5 «иір ойықты» мылтық пен 1 граната бар. Әр факті бойынша тергеу аяқталғаннан кейін тәркіленген қарулар қайта балқытуға жіберіледі», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Юрий Пак.
Соңғы рет заңсыз қару 1 қаңтарда Талдықорғанда тіркелді. Патрульдік полиция қызметкерлері «БМВ» көлігін тексеру кезінде шолақ мылтық, 16 калибр, тіркеу нөмірі жоқ газ револьверін тәркіледі.
«Қазір 19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 287-бабы (Заңсыз қару сақтау) бойынша тергеу жүріп жатыр. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді», - деп атап өтті облыстық департамент баспасөз қызметінен.
2019 жылы өңірде тұрғындардан қару сатып алу акциясы өткізіліп, оған бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінген. Акция барысында тәртіп сақшыларына 97 адам хабарласып, 147 қару мен 610 патрон өткізген.