$ 448.15  483.46  4.86

Дөңгелегі әуеде жұлынып кеткен ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды (ВИДЕО)

Төтенше жағдайға тап болған лайнер бір сағат бойы әуежай маңында қалықтап жүрген.

Air Canada ұлттық тасымалдаушысының ұшағы Монреаль әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі лайнер әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше секундтан соң шассидің бір дөңгелегі жұлынып кетті.

CBC телеарнасы рейс жолаушыларының бірі түсірген оқиғаның видеосын жариялады.

Bombardier Dash 8 ірі канадалық әуе компаниясының ұшағы Монреальдан Квебек провинциясындағы Сагеней қаласына ұшуы керек болған.

Төтенше жағдайға тап болған лайнер бір сағат бойы әуежай маңында қалықтап жүрген. Ол отынды бітірген соң жерге қонған.

Бортта 49 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. Ешкі зардап шеккен жоқ. Жолаушыларды компанияның басқа ұшағымен тасымалдау жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұшақ апаты