$ 447.4  477.55  4.76

«Ертерек осылай жасау керек еді!»: депутат президенттен кешірім сұрады

Президенттің жаңажылдық құттықтауының орнына телеарна продюсері Альфред Зиннатуллиннің құттықтауы эфирден көрсетілген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Жаңа жыл түні Путиннің бүкіл Ресей халқын мерекемен құттықтауы белгілі бір жағдайларға байланысты  эфирге шықпай қалған.Осы олқылықтың салдарынан Ижевск қаласы думасының депутаты Путиннен кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеке кабельдік телеарнаның продюсері Альфред Зиннатуллин Владимир Путиннің жаңа жылдық құттықтауы техникалық себептермен шықпағанын алға тартып, кешірім сұрады. Президент лебізінің орнына телеарна продюсері Альфред Зиннатуллиннің құттықтауы эфирден көрсетілген.

"Құрметті көрермендер және Ижекс қаласының тұрғындары! Арнамызда Жаңа жыл түнінде болған техникалық ақауға байланысты кешірім сұраймын.  "СТС-Ижевск" жеке, кабельдік, аналогтық хабар тарату арнасы болғандықтан, мен де біздің көрермендер секілді болған жағдайды қолайсыз деп санаймын. Техникалық қателіктің себебін анықтаймыз. Қазіргі кезде болған жағдайға байланысты телеарна ішінде тексеру жүргізудеміз" деп депутат facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 Депутаттың бұл жазбасына оқырмандары "Жарайсың! Ертерек осылай жасау керек еді!","Мойындадыңыздар-ау, әйтеуір!", - деп ризашылықтарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары