Ресейдің Приморск аралында мұз ойылып, ондаған көлік суға кетті, деп хабарлайды PrimaMedia -ға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланған. Кадрдан адамдар мен суға батып бара жатқан көліктерді көруге болады.
"Анығын білмедім, 30 көлік бар сияқты. Асығыңыздар! Кейбіреуіне асығудың да қажеті жоқ сияқты", - дейді роликтің авторы.
Приморск аралындағы төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы суға 45 көліктің батып кеткенін хабарлады. Кейбір көлік иелері көмек келгенше көлііктерін жағаға шығарып үлгерген.
Еске сала кетейік, Приморск аралына қатысты 2007 жылғы 5 наурыздағы № 44-KZ Заңының 3.12-бабына сәйкес азаматтарға рұқсат етілген мұз өткелдерінен тыс мұзға шығу тыйым салынған. Ескертуге құлақ аспағандар әкімшілік айыппұл арқалайды.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.