$ 494.87  520.65  4.91

Балқаш қаласында тегін такси қызметі көрсетіледі

«2019 жылы бұл мақсатқа 3 млн 600 мың теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ға артты».

Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы мамандандырылған «Инватакси» автомобилін сатып алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осындай жаңа жылдық сыйлықты Халық Банкі мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат поорталы, Қарағанды обьлысының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қалада бүгінгі таңда 3860 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 100-ден астамы арнайы автокөлік арқылы тасымалдау қызметіне мұқтаж. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе проблемалы болды. Тасымалдау бойынша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

2019 жылы бұл мақсатқа 3 млн 600 мың теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ға артты», - деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Балқаш қалалық Халық банкі филиалының директоры Александра Аглюкова «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Клара Жақыпбаеваға арнайы автокөліктің кілтін табыс етті. Машина арнайы көтергіш құрылғыларымен жабдықталған. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.

«Халық» қайырымдылық қоры Халық Банкімен бірге елімізде 2018 жылдан бастап «Инватакси» жобасын жүзеге асыруда. Бірінші жылы Қазақстанның ірі қалалары үшін 21 мамандандырылған автокөлік сатып алынды. 2019 жылы шағын және моноқалалар үшін 15 инватакси сатып алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Балқаш #Такси