$ 494.87  520.65  4.91

Жаңажылдық демалысты 6 мыңға жуық адам Бурабай мен Зерендіде өткізген

«Зеренді енді Бурабайға қарағанда бағасы төмендеу болғаннан кейін кішкене көбірек келгені сол ғой».

Жаңажылдық демалысты 6 мыңға жуық адам Бурабай мен Зеренді курортты аймақтарында өткізген, деп хабарлайды 24.kz.

Туристердің 4 мыңнан астамы Бурабайдағы қонақ үйлерге тоқтаса, 2 мыңға жуығы Зерендінің туристік нысандарын таңдапты. Осылайша, ондағы демалыс орындары 95%-ке дейін толған

Мамандардың айтуынша, бұл былтырғымен салыстырғанда 7-10%-ға көп. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, қазір аталған екі курортқа да апаратын жолдар тақтайдай теп-тегіс. Айталық, Щучинск – Зеренді тас жолы жаңадан салынып, 2019 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Одан бөлек, өңірде қысқы туризм де жыл сайын дамып, ойын-сауық түрлері көбейіп келеді.

«Келген туристерге барлық ойын-сауықтырулар дайындалды. Қысқы бар, ішіндегі ойын-сауықтырулар, осы курорттың дайындаған өздерінің бағдарламалары болды. Аяз атасы, шыршасы. Балаларға да бөлек бағдарлама әзірленді. Зеренді енді Бурабайға қарағанда бағасы төмендеу болғаннан кейін кішкене көбірек келгені сол ғой», - деді облыстық туристік-ақпараттық орталығының жетекшісі Ерлан Мүсіпов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары