$ 494.87  520.65  4.91

15 кортеж ісі: жолды жауып тастаған жүргізуші астаналықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтты.

Нұр-Сұлтанда «қара кортеж» мүшелерінің бірі өз әрекеті үшін астаналықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

KIA маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі өз әрекетіне өкінетінін және жауапкершілікті мойнымен көтеретінін айтады.

Осыған дейін Нұр-Сұлтанда «қара кортеж» мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

«5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды. Онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі «Хан Шатыр» СОО тұрағынан 15 автокөлікті кедергісіз шығару мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады», - деді елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

«KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және «Сергек» камералары да түсірген» делінген хабарламада.

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары