Оралда азаматтарды ұрды деген күдікке үлінген күзетшіні қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Мой город-қа сілтеме жасап.
Күдіктілердің донор ретінде науқас қызға бір бүйрегін беріп, өрімдей қыздың өмірін сақтап қалған Абзал Әділов. Қазір Кафизов пен Әділовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылған.
"Күдіктілер қасақана ауыр дене жарақатын келтіріп, салдарынан, жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыруы мүмкін деген болжам бар.Тергеушілердің айтуынша, оқиға 25 желтоқсанда болған. Күзетшілер қоғамдық тәртіпті бұзушылық әрекетті тоқтатуға барғанда жәбірленушіге соққы жасаған", - деді сотта.
"Тергеу судьясы істің қосымша мән-жайыйн анықтау үшін күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Айтпақшы, күдіктілердің бір Кафизовтан 3 млн теңге кепіл сомасы анықталды. Кепілді анықтау үшін негізі күдіктінің жағымды жақсы қырлары болуы керек.Атап айтқанда бұрын сотты болмауы және тұрақты тұрғылықты жерінің болуы ескерілді", - деп толықтыра кетті сот барысында. Дегенмен, бұл заң әлі күшіне енбеген.
Естеріңізде болса, 2019 жылы 25 желтоқсанда Оралда ер адамды ұрып өлтірілген болатын. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 05: 00-де Омега аймағында орналасқан Конденсат жанармай құю бекетіне ер адамның ұрып-соққаны туралы қоңырау түскен. Полиция жасағы оқиға орнына жеткенде ер адамның қансыраған денесін тапты. 32 жастағы азамат облыстық көпсалалы ауруханаға жетпей қайтыс болды. Ол білектің жоғарғы үштен бір бөлігінде, иықтың төменгі бөлігінде бірнеше рет жарақат алған, кеуде және беттің көптеген гематомалары мен абразиялары болған. Қылмыс жасады деген күдікпен «Сова» қауіпсіздік агенттігінің жеке ұйымының бес қызметкері ұсталды.
Осы іске қатысы болуы мүмкін деген күдікке үлінген Абзал Әділов 2017 жылдың қазан айында Шымкенттен келген Жамилә Байсеріковаға бүйрегін берген. Қызға шұғыл бүйрек ауыстыру отасы қажет болғанда Абзал ерікті түрде донор болған.