$ 494.87  520.65  4.91

Мальтада ішімдікке тойған қазақ тұрғындарға пышақ ала жүгірген

Мальта аралдарына ағылшын тілін оқу үшін барған 23 жастағы Айбек Манапов спирттік ішімдікке сылқия тойып, қонақ үй қонақтарына пышақ ала жүгірген. Ол алты адамға бас салып, жас әйелді жарақаттады деп хабарлайды SN Maltatoday басылымына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, Айбек өзімен бірге ұзындығы 20 сантиметр болатын пышақты үнемі алып жүрген.

Басылымның хабарлауынша, қазақстандық студент Мальтаға ағылшын тілін жетілдіру үшін аттанып, Слима қаласына тұрақтаған. Тексеріс барысында, Манаповтың пышақ сілтеген сәтте қатты мас болғаны белгілі болды.

Аталмыш оқиға 19 қаңтар күні түнгі  сағат 1.45 шамасында орын алған.

Қазақстан азаматына қылмыстың бес бабы: тұрғындарды шабуылдау, жарақаттау, пышақты рұқсатсыз алып жүру, қоғамдық тәртіпті бұзу және қауіп төндіру бойынша айып тағылды.

Тергеуші Джонатан Ренсли Манаповтың ағылшын тілін оқуы қазан айынан басталғанын, мамыр айында аяқталуы тиіс екенін айтып отыр.

Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар, пышақ және айыпталушының құжаттары сотқа өткізілді.

Жергілікті тергеуші қазақстандық студенттің тез арада Мальтадан отанына қайтарылуы тиіс екенін және басқа студенттерге қауіп төндірмес үшін білім алатын мектептен аластатылуын талап етіп отыр.

Қазақстанның Мальтадағы елшісі Джон Дебоно сот отырысына қатысып, айыпталушының Мальтадан ең жуық арада кететініне сөз берді. Елші Мальтадан ұшатын ұшақтар Қазақстанға күніне екі рет қатынайтынын және студентті еліне қайтару еш қиындық туғызбайтынын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары