Ақтаудағы жағажайлардың біріндегі түнгі клуб маңына маскүнем образына арналған мүсін орнатылды деп жазады Tumba порталы.
Мүсінді орнатудағы басты мақсаты - тұрғындарға алкогольдың зиянды екенін түсіндіру дейді идея авторлары. Дегенмен, түнгі клуб келушілеріне маскүнемнің мүсіні әлі әсер етпеген секілді. Ойын-сауықтан мас болып шыққан жастар тас тұғырмен суретке түсуді әдетке айналдырған.
Айта кетейік, бұл Ақтаудағы ерекше ескерткіштердің алғашқысы емес. Мәселен, қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінің маңына темір торға қамалған қаңқаның мүсіні орнатылып, "Ақша төлемеген қонақ" деген жазу ілінген.