$ 444.32  473.33  4.76

167 жолаушысы бар ұшақ құлаған жердің ВИДЕОсы таралды

Иранның минавиация өкілі Джаафар Заде ұшақ бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді.

Бұған дейін бортында 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Иранда құлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Соңғы дерекөздеріне сүйенсек, лайнерде 167 жолаушы болған деген мәлімет тарауда. Тіпті, ұшақ құлаған жердің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Skifnew.kz ақпарат порталы, РИА Новости-дің телеграмм каналына сілтеме жасап.

Иранның минавиация өкілі Джаафар Заде ұшақ бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді. 

"Flightradar" ұшақтардың қозғалысын бақылайтын қызметтің ақпаратынша, украиналық PS752 рейсі Тегераннан Мәскеу уақытымен 5.42-де ұшып шыққан. Арада екі минут өткен соң, 5.44-те радардан жоғалып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары