Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға Bek Air рейстеріне билет алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қазақстандық Bek Air әуекомпаниясының қызметі белгісіз мерзімге оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды, сол себепті азаматтардың Bek Air әуекомпаниясының рейстеріне билет алмауға кеңес береміз", - делінген хабарламада.
Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді.
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жеткенін жазған болатынбыз.
Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Қазіргі уақытта барлық қан тобына донорлар іздестіріліп жатыр.
Соңғы ақпаратқа сүйенсек, апат кезінде қаза тапқандардың саны 15-ке жетті. Оның ішінде Informburo.kz ақпарат агенттігінің журналисі Дана Круглова, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы болған.
"Bek Air" әуекомпаниясы ресми сайтында Алматыдағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.
Президенттің бұйрығымен 28 желтоқсан "Жалпыұлттық аза тұту" күні деп белгіленді.
Осы апатты оқиғаға байланысты дәрігерлер зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.
ІІМ ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес, «Ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.