Алматы облысының полицейлері Іле ауданының 30 жастағы тұрғынын 3 келі 610 грамм героинмен ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұрын бірнеше рет сотты болған азамат "Есірткі заттарын заңсыз сақтау" бабымен айыпталуда.
Күдіктіні ұстаған есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оның Шығыс Қазақстан облысына бағыт алғанын анықтады. Ұсталған азамат есірткі заттарының бір бөлігін беліне орап, қалғанын сөмкесіне салып алған.
Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті тергеу абақтысына қамалды.