08.01.2020, 17:00

«Ол мас болған»: троллейбус қаққан жігіттің туыстары куәгерлерден көмек сұрайды (ФОТО)

Александра троллейбус паркінің өкілдерінің, жүргізушінің қайтыс болған адамның отбасымен әлі байланыспағанын және кешірім сұрамағанын алға тартты.

Троллейбус жүргізушісінің кесірінен қайтыс болған жігіттің туыстары куәгерлерден көмек сұрайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда троллейбус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, ол тіл тартпай кеткен болатын. Ал троллейбус жүргізген азамат денсаулығы күрт нашарлап кеткендіктен рөлге ие бола алмаған көрінеді. Жүргізуші ауруханада.

Адам өліміне кінәлі денсаулығы сыр берген жүргізушіні жазалауын сұрап, оқиға орнында жан тапсырған жігіттің туыстары куәгерлерден айғақ сұрап отыр.

Марқұмның әпкесі бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

"Қорқынышты фильмдегідей өте қорқынышты әрі күтпеген өлім. Бүкіл қала камераларда, троллейбустар да камералармен толтырылған, бірақ олар бізге видео көрсетпейді, көптеген сылтауларды айтып, видео бермеді. Екі нұсқа бар: жүргізуші өзін нашар сезіне бастаған. Асқазаннан қан кетіп, ес-түссіз күйде болды (бірақ неге ес-түссіз адам газды қатты басады). Екіншіден, ол мас болған және жай ғана Сәтпаев көшесінің бойымен жоғары жылдамдықпен жүрген. Пашаның осы кезде көптен күткен баласы дүниеге келген еді. Оның қазір 6 айлық қызы бар", - деді ол жазбасында.

Александра троллейбус паркінің өкілдерінің, жүргізушінің қайтыс болған адамның отбасымен әлі байланыспағанын және кешірім сұрамағанын алға тартты.