$ 494.87  520.65  4.91

«Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес» - Бердібек Сапарбаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек" деген сөзін еске салған Сапарбаев "қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек, әркім өз отбасын өзі асырауы керек" деді.
Фото: коллаж Skifnews.kz
Фото: коллаж Skifnews.kz

8 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жәрдемақының жаңаша төленуіне байланысты наразылық білдірген аналардың шағымына байланысты жауап берді. Осы апта басында Нұр-Сұлтанда бір топ әйел жаңа жылдан бастап, көпбалалы отбасындағы әр балаға былтырғыдай - 21 мың емес, 10,5 мың теңгеден төленіп жатқанына наразылық білдіріп, мұндай жәрдемақының қазіргідей қымбатшылық жағдайда ештеңеге жетпейтінін айтқан.

"Біздің негізгі ұстанымымыз - біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын кететінін, бір-екі балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін, жаңа айтып кеттім, ең негізгі мәселе мұқтаж адамдарға беруіміз керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек" деген сөзін еске салған Сапарбаев "қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек, әркім өз отбасын өзі асырауы керек" деді.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғанда отбасының табысына қарамайды деп мәлімдеген. 

6 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 367 мың отбасына жәрдемақы тағайындалған және 17 миллиард теңге төленген.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары