Желіде ең қызу талқыланып жатқан тақырып – Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров пен ММА ережесіз жекпе-жегінің кәсіпқой спортшысы Александр Емеляненко арасында өтуі ықтимал кездесу жөнінде, деп хабарлайды NEGE.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров ресейлік танымал спортшыға видеоүндеу жолдады.
«Бізде, спортшылар әлемінде ерінбеген спортшы Емеляненконы жекпе-жекке шақыруды сәнге айналдырып алды. Мен де осы мүмкіндікті пайдаланып қалайын. Алайда, спорттың қай түрінен кездесетінімізді әлі шеше қойған жоқпын. Қалай ойлайсыздар, ММА-дан ба, әлде бокстан ба?» – деді Рамзан өз Instagram парақшасында.
Артынша, ММА шебері Александр Емеляненко да жауап берді. Ол да өз Instagram парақшасында «Қазір әлеуметтік желіде «Емеляненконы жекпе-жекке шақыр» деген флешмоб жүріп жатыр, сол шақырыс менің досым Рамзанға да жетіпті. Ахмат, күш!» деп жазды.
Қазір бұл тақырыпты Мемлекеттік думадан бастап, барлық деңгейдегі саясаткерлер талқылауға көшті.