Қытайдың Шиянь қаласындағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер науқастың асқазанынан 6 метрлік құрт алып шықты. Бұл жайында The New England Journal of Medicin басылымы хабарлап отыр.
38 жастағы қытайлық дәрігерлерге тым арықтап кеткенін және үнемі лоқситынын айтып шағымданған. Соңғы екі жыл бойы оның іші ауырып, қаны да азайып кеткен көрінеді.
Дәрігерлер науқасты қарап шығып, ешқандай аурудың белгісін таппаған. Алайда, қаны мен зәрін тексерген кезде оның құрамынан өгіз құртының тұқымдары табылыпты. Дәрігерлердің дереу араласуынан кейін зиянкес сыртқа шығарылды, оның ұзындығы - 6,2 метр.
Мамандардың айтуынша, науқастың асқазанында аталған құрт шикі ет жей бергеннен пайда болған. Мұндай жағдай сирек кездессе де таң қалмаймыз дейді Қытайдың медицина мамандары. Өйткені, бұған дейін асқазанында 10 метрлік құрты бар науқастарды да өмір сүрген.